«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ
«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК
Ресми сайт
Қабылдау бөлімі 8 (7152) 50 15 46
Ауруларды қабылдау бөлімесі 8 (7152) 50 15 63
Сенім телефоны 8 (7152) 50 03 60
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz

Медбикелік қарау бөлімі

Федосеева Светлана Петровна

2018 жылғы 01 қаңтардан бастап СҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 30 төсектен тұратын мейірбике күтімі бөлімшесі ашылды, бұнда созылмалы ауруы асқынбаған, күнделікті өмірде бөгде қамқорлыққа мұқтаж, толық немесе ішінара өзін-өзі күте алмайтын науқастар жатқызылады.

Мейірбикелік күтім — пациенттің тұрғылықты жері бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның медициналық қорытындысымен расталған созылмалы ауыр аурулармен ауыратын адамдарға психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, тұрмыстық күтім көрсету және симптоматикалық қолдау емін жүргізу жөніндегі медициналық және әлеуметтік қызмет бағыты. Мейірбике күтімі бөлімшесі жұмысының мақсаты үдемелі созылмалы ауруы бар науқастардың өмірінің сапасын және жалпы жағдайын жақсарту болып табылады.

Мейірбике күтімі бөлімшесінің негізгі міндеті: тәуліктік білікті мейірбикелік және тұрмыстық күтім, бұл дағдыларды туыстарына үйрету, дәрігердің бақылауымен дәрі-дәрмектік ем жүргізу, психологиялық көмек, қажет болған жағдайда жалғызбасты науқастарға, оларды қарттар үйіне ресімдеуге көмек көрсетілетін болады.

Науқастарды мейірбике күтімі бөлімшесіне емдеуге жатқызу тәртібі

Мейірбике күтімі бөлімшесіне Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жоспарлы түрде Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының білікті медбикелік күтімді қажет ететін, жолдама беру кезінде асқынбаған үдемелі созылмалы аурулары бар, жай-күйі тәулік бойы дәрігерлік бақылауды не шұғыл тәртіппен медициналық көмек көрсетуді қажет етпейтін науқастар жатқызылады.

Мейірбике күтімі бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызу үшін пациенттерді іріктеуді бекітілген орны бойынша емхананың немесе ОАА дәрігерлік комиссиясы жүргізеді. Пациенттің амбулаториялық тексеруден өтуі 10 күннен аспауы керек және оған аурудың негізгі диагнозына сәйкес мамандар кеңес беруі тиіс.

Пациентті Бірінші қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне емдеуге жатқызу бюросының порталы белгілеген күні жолдамамен және көшірмесімен бірге күннің бірінші жартысында жеткізеді.

МКБ жатқызуға қарсы көрсетілімдер:

  • нәтижелі байланысқа кедергі келтіретін психикалық аурулар, пациенттің лайықсыз мінезі;
  • жұқпалы аурулар және туберкулез;
  • онкологиялық аурулар (есірткі препараттарымен ауырсынуды басатын терапияны қажет ететін негізгі диагноз ретінде);
  • дәрігерлік бақылауды және шұғыл тәртіппен дәрігерлік көмек көрсетуді немесе мамандандырылған бөлімшені талап ететін кез келген созылмалы аурудың асқынуы немесе нашарлауы.

Отделение сестринского ухода

Отделение сестринского ухода

Отделение сестринского ухода

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018 17:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2019 11:44

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы