«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ
«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК
Ресми сайт
Қабылдау бөлімі 8 (7152) 38 03 40
Ауруларды қабылдау бөлімесі 8 (7152) 38 25 23
Сенім телефоны 8 (7152) 50 03 60
Рус Қаз

Қызметтер

Мемлекеттiк қызметтер

Мемлекеттік қызметтер туралы заң (ZIP 485 Kb)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы (DOCX 194 Kb)

Бірінші қалалық аурухана стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық қызметтер, сондай-ақ профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтер көрсетеді.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

1. Зертханалық диагностика:

  • Биохимиялық зерттеулер;
  • Жалпы клиникалық зерттеулер;
  • Бактериологиялық зерттеулер

2. Ультрадыбыстық диагностика;

3. Функционалдық диагностика;

4. Эндоскопиялық диагностика;

5. Рентгенологиялық диагностика;

6. Мамандықтар бойынша ересектерге арналған стационарлық көмек:

  • инфекция;
  • неврология;
  • Жалпы терапия;
  • физиотерапия;
  • қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту;
  • паллиативті көмек

7.   Ересектерге мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек:

  • Жалпы терапия;
  • инфекция
  • неврология
  • Медициналық реабилитология: физиотерапия; массаж; емдік дене шынықтыру, механотерапия, кинезотерапия.

Ақылы қызметтер

«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бойынша ақылы қызметтер жоспары 12 400,0 мың теңгені құрайды.

«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК 04.04.2017 жылғы №0461dt медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензияға және пациенттің ауру бейініне сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсетеді.

Пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының АМСК мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету кезінде ақылы қызметтер:

  • лауазымдық міндеттеріне сәйкес құзыретіне осы қызметтерді орындау кіретін медицина қызметкері қоятын осы қызметтерді көрсетуге айғақтардың болуы ;
  • АМСК маманының жолдамасы болған кезде немесе онсыз, егер бұл қызметтер ТМККК-ге енгізілмеген болса;
  • медициналық ұйымда қажетті жабдықтар мен мамандардың болуы;
  • ақылы қызмет көрсетуге арналған екі жақты шартты ресімдеу, онда қызметтер көрсетудің, стационарда болудың атаулары, қағидалары мен шарттары, емдеу құны мен оны төлеу тәртібі, Тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі

Ақылы негізде диагностикалық және емдеу емшаралары ТМККК бойынша Медициналық қызмет көрсетуден бос уақытында ТМККК үшін сияқты аппаратурада жүргізіледі.

Ауруханаға жатқызу палаталарға (Бос орындар болған жағдайда немесе пациент сервис үшін төлеген кезде сервистік палаталарға):

  • терапиялық бөлімше,
  • неврологиялық бөлім,
  • мейіргерлік күтім бөлімшесі,
  • жұқпалы аурулар бөлімшесі.

Маманның тексеруін немесе консультациясын клиникалық хаттамада бекітілгеннен тыс жүргізген кезде олар пациенттің келісімімен басқа медициналық ұйымда жүргізілуі мүмкін, оны пациенттің өзі төлейді не құны емдеу үшін жалпы төлем шотына енгізіледі.

Пациент ақылы стационарлық көмек көрсеткені үшін шығындарды өтеуді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 35-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекіткен тарифтер бойынша клиникалық-шығындық топтар бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындық сыйымдылық коэффициентін ескере отырып жүзеге асырады.   Пациенттің өз бетінше кетуімен байланысты науқастың тәулік бойғы стационарда қысқа болуы негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ құнынан нақты жүргізілген төсек-күндерге пропорционалды түрде төленеді.

Егер ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде кенеттен болған қатты аурулар, созылмалы аурулардың жай-күйі, асқынуы кезінде тұтынушының өміріне төнген қауіпті жою үшін шұғыл айғақтар бойынша қосымша медициналық қызметтер көрсету талап етілетін болса, мұндай медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алынбай көрсетіледі.

Жазып беру күні пациентке төлем құжаттары - коды, диагноздың/операцияның атауы және сомасы көрсетілген орындалған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) актісі екі данада ұсынылады, оған екі тарап та қол қояды, оның бір данасы пациентке беріледі. Пациентке алынған медициналық қызметтер үшін толық ақы төлеу шығарылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Толық төлем туралы құжатты ұсынғаннан кейін пациент қолына «Стационарлық науқастың медициналық картасынан» үзінді көшірмені не зерттеу нәтижелерін алады.

ТМККК тыс шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы негізде медициналық көмек көрсету шарттары отандастармен бірдей. Толықтыру: қарым – қатынас және медициналық құжаттаманы толтыру тілі мемлекеттік тіл болып табылады, оған тең дәрежеде – орыс тілі. Бұл пациенттердің көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуі ұлттық валюта-теңгемен жүргізіледі.

Бөгде ұйымдармен шарт бойынша медициналық көмек көрсету ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартта көрсетілген көлемде және шарттарда жүргізіледі. Диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетілуі мүмкін. Көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу баға прейскурантына сәйкес, ұсынылған шот-фактуралар бойынша, ұйымның «ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шотына төлеуге ұсынылған соманы аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ай сайын жүргізіледі.

Стандарттардан тыс қосымша сервистік қызметтерді ұсыну ТМККК шеңберінде емделіп жатқан, сондай-ақ ақылы негізде медициналық қызметтер алатын пациенттің қалауы бойынша онымен сервистік қызметтер көрсетуге арналған шартты ресімдеу және олар үшін бекітілген тарифтерге сәйкес ақы төлеу шартымен мүмкін болады.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер туралы мәліметтер

Ақылы медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтардың келесі санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған:

СҚО ДСБ СҚО әкімдігінің «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК қызметкерлері 100%.

Ақылы медициналық қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу тәртібі

Пациенттермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдана отырып және пациентке бақылау чегін бере отырып, медициналық ұйымның кассасы арқылы жүргізіледі.

Кәсіпорындармен шарт бойынша Медициналық қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу медициналық қызметтерді пайдаланушы ұйымның «Ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шотына төлеуге ұсынылған соманы аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

Ақылы медициналық қызметтердің бағасы жылына бір рет қайта қаралуы мүмкін.

Ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібі

Бухгалтерлік есеп пен есептілік ТМККК көрсету және ақылы медициналық қызметтер бойынша бөлек жүргізіледі.

Орындаушының шоттарына ақылы медициналық қызметтер көрсетуден түскен ақшалай қаражатты ол белгіленген тәртіппен бекітілетін кірістер мен шығыстардың бекітілген сметаларына сәйкес жұмсайды.

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Емделушінің бастамасы бойынша СҚО әкімдігінің СҚО ДСБ «1-ші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК көрсететінақылы медициналық қызметтердіңбағалары мен түрлерінің тізімі (2024 ж.)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бірінші қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018 16:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.09.2024 10:17

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы