«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ
«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК
Ресми сайт
Қабылдау бөлімі 8 (7152) 38 03 40
Ауруларды қабылдау бөлімесі 8 (7152) 38 25 23
Сенім телефоны 8 (7152) 50 03 60
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz

Миссия

Жалпы ақпарат

Құрылтайшы — Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Мемлекеттік тіркеу: бастапқы — 22.02.2006ж., қайта тіркеу — 23.03.2017ж.

Ұйымның жыл бойы жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы ақпарат — 2018 жылға 495 960 мың теңге;

Бюджетті пайдалану туралы ақпарат

2017 жылғы Кәсіпорынның қызметін талдау

Жұмыс уақыты

Анықтама қызметінің жұмыс кестесі

Лицензиялар

Емделушілерге арналған ескерту қағазы

Ішкі тәртіп ережелері

Жету сызбасы

Негiзгi мiндеттер

  1. Жоспарлы және жедел тәртiпте бар бейiндер бойынша үлкендерге стационарлы және стационарды алмастыратын бiлiктi және мамандандырылған көмектi көрсету.
  2. ТКМКК шеңберiнде бар бейiндер бойынша стационарлы және стационардың орнын басатын көмек көрсетудiң ережелерiн сақтау.
  3. СӨС стационар емделушiлерi арасында насихаттау және созылмалы аурулардың асқынуын ескерту және аурулардың алдын-алу бойынша жұмысты жүргiзу.
  4. Көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын үнемi көтерiп отыру және емделушiлердiң қанағаттанушылығын жоғарылату.
  5. Диагностика және бейiндi ауруларды емдеу саласында қазiргi жетiстiктердi жұмыста қолдану.

Функциялар

  1. Емделушi стационарға жүгiнген кезде (жеткiзiлгенде) Кәсiпорынның бейiндi бөлiмшесiнде стационарлы емдеуге көрсеткiштердiң болуын анықтау.
  2. Бар бейiндер бойынша КЛТ сәйкес медициналық көмектi стационарлы көмек көлемiнде көрсету.
  3. Қабылдау бөлiмшесiнде шұғыл медициналық көмектi жүгiнген бейiндi емес емделушiлерге көрсету, әрi қарай бейiндi стационарға жолдаумен.
  4. Барлық бөлiмшелерде нормативтi құжаттардың талаптарына сәйкес медициналық құжаттарды ресiмдеу.
  5. Талаптарға сәйкес статистикалық және басқа мәлiметтердi уақтылы және сенiмдi тапсыру.
  6. Кәсiпорынның нәтижелi жұмысын қамтамасыз ететiн бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану.
  7. Медициналық қызметтер сапасын жоғарылату және қосымша шешiмдердi қабылдауды қажет ететiн фактiлердi анықтау мақсатында iшкi тексерулердi ұдайы өткiзу.
  8. Емделушiлердiң қанағаттанушылығын анықтау мақсатында Кәсiпорын емделушiлерiн үнемi сауалнамалау.

Аурухана бiлiктi және мамандандырылған көмек түрiнде стационарлық, стационар алмастырушы медициналық көмек көрсетедi.

Аурухана қуаттылықпен 160 төсек-орынды, соның iшiнде:

  • терапевтiк бөлiмше 40 төсек-орын;
  • ересектерге арналған жұқпалы аурулар бөлімшесі 40 төсек-орын;
  • неврологиялық бөлiмше 55 төсек-орын, оның iшiнде ересектерге арналған қалпына келтiру емiне және медициналық оңалтуға 2 төсек-орын:
    • 1 төсек-орын неврологиялық бағытта;
    • 1 төсек-орын нейрохирургиялық бағытта;

Күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. АМСК мамандарымен бағытталған науқастар, неврологиялық және терапевтикалық бейiн ауруларымен жоспарлы ем алады.

Ауруханада қосалқы бөлiмшелер жұмыс iстейдi:

  1. физиотерапевтикалық бөлiмше;
  2. клиникалық-диагностикалық бөлiмше;
  3. бактериологиялық зертхана;
  4. рентген кабинетi;
  5. функционалдық диагностика кабинетi;
  6. УДЗ кабинетi;
  7. гепатокабинет;
  8. эндоскопиялық кабинет.

Бақылау кеңесі

Ахметова Марина Бөлегенқызы, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің төрайымы, 07.04.1964 жылы туған, қазақ. Білімі жоғары. 1987 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығын аяқтады. Еңбек жолын 1987 жылы дәрігер акушер-гинеколог лауазымында бастады. Дәрігер акушер-гинекологтың жоғары біліктілік санаты бар. 8 жыл аралығында қаланың штаттан тыс бас акушер-гинекологы болып саналды.

Басшылық лауазымындағы еңбек өтілі 2004 жылдан, М.Б.Ахметова қалалық әйелдер консультациясын басқарғаннан, басталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді, «Балалар үйі» КММ бас дәрігер болып қызмет атқарды.

2014 жылдан М.Б.Ахметова «Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры. «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Ол басқарып отырған колледж 2017 жылы Халықаралық институциялық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2017 жылғы көрсеткіштер бойынша медициналық колледж облыстың ТжКБ ұйымдарының ішінде көшбасшы болды.

2011 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» мерекелік медальмен, ал 2014 жылдың маусым айында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы

Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, қазақ, 1984 жылы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Сергеевка қаласында дүниеге келген.

2001-2007 жылдары — Астана қаласындағы Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында емдеу ісі мамандығы бойынша білім алды.

Акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Өзінің еңбек жолын 2008 жылы «Облыстық перинаталдық орталықта» ШЖҚ КМК акушер-гинеколог дәрігері болып бастады. 2015-2016 жылы «Үшінші қалалық ауруханада» ШЖҚ КМК акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — «Аққайың орталық аудандық ауруханасында» ШЖҚ КМК және «Бірінші қалалық ауруханада» ШЖҚ КМК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасының» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы

Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, қазақ, 1959 жылы 23 қыркүйекте Көкшетау облысында дүниеге келген.

1976 жылдан 1983 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік институтында педиатрия мамандығы бойынша білім алды.

1982-1983 жылдары — Көкшетау облыстық аурухананың интерн дәрігері.

1983-1986 жылдары — Көкшетау облысы Ленин ауданының 22 КПСС съезі атынд. совхоздың учаскелік ауруханасының бас дәрігері. Мекенжайы: Көкшетау облысы, Ленин ауданы, 22 КПСС съезі атынд. совхоз.

1986-1988 жылдары — Көкшетау облысы Ленин ауданы Горький ауылының учаскелік ауруханасының бас дәрігері.

1988-1989 жылдары — Қызылту аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі. Мекенжайы: Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы.

1989-1993 жылдары — Қызылту ОАА бас дәрігерінің орынбасары.

1993-1997 жылдары — Ленин орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері. Мекенжайы: Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Талшық ауылы.

1997-1999 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері.

1999-2005 жылдары — СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2010 жылдары — «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК бас дәрігері.

2010-2016 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы.

2016 жылдың басында «Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2017 жыл аралығында — «Облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

2018 жылғы 5 наурызға дейін «Облыстық психоневрологиялық диспансер» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2018 жылғы наурыз айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысының орынбасары.

Мұстафин Айдар Жантөреұлы

Мұстафин Айдар Жантөреұлы, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, қазақ, 1982 жылы 6 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2009 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

Емдеу ісі мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2008 жылдан 2010 жылдар аралығында Қарағанды қаласында фельдшер ретінде «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМҚК жұмыс істеді.

2010 жылдан 2015 жылдар аралығында Петропавл қаласында «Денсаулық» ЖКЕМ терапевт дәрігер болып істеді.

2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы қаңтар аралығында «Бірінші қалалық ауруханада» ШЖҚ КМК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2017 жылғы қаңтар айынан бастап «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

«Эндокринология (ересектер)» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты бар.

Ағымдағы жылға БК жұмыс жоспары

БК туралы ереже

БК шақыру тәртібі

БК мүшелеріне сыйақы және/немесе шығындар өтемақысын төлеу ережелері

БК қызметі туралы есептеме

Емделушiнi қолдау мен iшкi аудит қызметi

Қазақстан Республикасының Денсаулық және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық және фармацевтiк қызметiн бақылау комитетiнiң 2015 ж. 26 ақпанындағы хаты негiзiнде «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-да Емделушiнi қолдау мен iшкi аудит қызметi (әрi қарай Қызмет) құрылды.

Мақсаты:

  • емделушiлердiң қараулары мен шағымдарын «осы жерде және қазiр» принципi бойынша шешу;
  • көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын көтеру.

Мiндеттерi:

  • стандарттардың талаптарына сай көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сәйкестiгiн бақылау;
  • емделушiлердiң болжалдары мен қанағаттануларын көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы сұрақтары бойынша қамтамасыз ету;
  • емделушiнiң қауiпсiздiгiн сақтауға және емделушiнiң құқығын сақтауға бақылау;
  • медициналық қызметтердiң және емделушiнiң қауiпсiздiгiнiң сапасын үздiксiз көтеру процессiнде әр қызметкердi қатыстыру мотивi бойынша ұсыныстарды өңдеу.

Қызмет төрайымы болып бас дәрігердің орынбасары Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы тағайындалды.

Қызметтiң келесi құрамы бекiтiлдi:

  1. Бас дәрiгердiң емдеу жұмысы бойынша орынбасары Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы;
  2. Бас мейiрбике Наталья Вячеславовна Полицына;
  3. Сарапшы дәрiгер Хия Завихуловна Ерденова;
  4. Госпитальдық эпидемиолог Наталья Геннадьевна Баженова;
  5. БАҚ мониторингi бойынша маман Зотова Раиса Дмитриевна.

Сiздер көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасы, емделушiлер мен келушiлерге лайықты көңiл бөлу сұрақтары бойынша «СҚО әкiмдiгiнiң ДСБ» КММ «Біріншi қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-ға бара аласыздар:

  • сенiм телефоны бойынша 8 (7152) 50 03 60;
  • Кәсiпорынның бас дәрiгерiнiң платформа блогына gb1.sko.kz;
  • 1 қабатта холлдағы ұсыныстар мен шағымдарды қабылдау жәшiгi арқылы;
  • бас дәрiгердiң жеке қабылдауы: күн сайын 8.00-ден 17.00-ге дейiн.

2016 жыл ішінде емделушілерді қолдау орталығына азаматтардан 11 жүгіну түсті, олардың ішінде ауруханаға жатқызудан бас тарту бойынша — 6, төмен сапада емдеу және тексеру туралы — 4, сырқаттарды қабылауды ұйымдастырудағы жекіліксіздіктерге байланысты — 1. Талқыланғаннан кейін жүгінулердің 2-і негізделген деп, ал 9-ы негізсіз деп танылды. Жүгінген 11 пациенттің 10-ы қабылданған шешім мен қолданылған шараларға қанағаттанды.

2018 жылдың 6 айы ішінде 2 жүгіну түсті, талқылағаннан кеін 1 жүгіну негізделген деп танылды, ал екіншісі бойынша түсініктемелер берілді.

Әкімшілік блогы

Бас дәрiгердiң қабылдау кабинетi +7 (7152) 38-03-40.

Бапанова Мәриям Қалуқызы

Бас дәрігер Бапанова Мәриям Қалуқызы 1989 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1981 жылы 3 қалалық ауруханада мейірбике қызметінен бастады. Медициналық институтты аяқтағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді: 1990 жылдан 2011 жылдар аралығында дәрігер акушер-гинеколог, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі және облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігердің орынбасары; 2011 жылдан «СҚО Денсаулық сақтау басқармасында» ММ басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен 2018 жылғы 5 қарашадан «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Жүйелі түрде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» мамандығы бойынша оқытудан өтеді. «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік категориясы бар. 2018 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау" магистрі дәрежесін алды. 2001 жылы ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, 2012 жылы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Герман Наталья Валерьевна

Бас есепшi Герман Наталья Валерьевна аурухананың негiзi қаланған сәттен бастап жұмыс iстейдi, 20 жылдық жұмыс өтiлi, Кәсiби есепшiнiң сертификаты бар. Байланыс телефоны +7 (7152) 50-03-61.

Полицына Наталья Вячеславовна

Бас медициналық бике Полицына Наталья Вячеславовна аурухана құрылған сәттен бастап жұмыс iстейдi, медициналық жұмыс өтiлi 20 жылдан астам, жоғары бiлiктiлiк санатына ие. Байланыс телефоны
+7 (7152) 38-07-10.

Ұйымдық құрылымның жоспар-сызбасы

Аурухана тарихы

Қуаттылығы 150 төсек-орынды аурухана 2006 жылғы 22 ақпанда заңды тұлға ретiнде ұйымдастырылған. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 01 сәуiрден бастап 30 төсек-орынға хирургия бөлiмшесі ашылды, 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап мейірбике күтімі бөлімшесі ашылды, 2018 жылғы 01 қарашадан хирургия бөлімшесі жабылды, аурухананың төсек-орын қуаттылығы 160 төсек-орынды құрайды. Кәсiпорынның құрамына ересектерге арналған жұқпалы аурулар бөлiмшесi 35 төсек-орын, терапевтік бөлiмше 40 төсек-орын, неврологиялық 55 төсек-орын, оның iшiнде 2 төсек-орын неврологиялық және нейрохирургиялық бағыттың медициналық оңалтуына және қалпына келтiру емiне 1 төсек-орыннан және мейірбике күтімі бөлімшесі 30 төсек-орын.

Диагностикалық қызметтер жұмыс iстейдi:

  • терапевтiк корпуста және жұқпалы аурулар корпусында бөлек 2 қабылдау бөлiмшесi;
  • функционалды диагностика кабинетi;
  • сәулелi диагностика бөлiмшесi, оған рентген кабинет, ультрадыбыстық кабинет,эндоскопиялық кабинет кiредi;
  • клиникалық зертхана, сондай-ақ өзiне биохимиялық және бактериологиялық зертхананы қосады;
  • физиотерапевтiк бөлiмше, ас-дәм блогi, кiр жуу орны жұмыс iстейдi.

Кәсiпорын бiрнеше корпуста орналасқан: жұқпалы аурулар бөлiмшесi орналасқан типтiк жұқпалы аурулар корпусы,бактериологиялық зертхананың ғимараты, бас корпуста — қалған барлық қызметтер орналасқан.

2018 жылғы 05 қарашадан бастап «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК жетекшiсі бас дәрiгер Бапанова М.Қ., жұқпалы аурулар бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Ланда О.А., терапия бөлiмшесінiң меңгерушiсi Кузнецов Б.Е., неврология бөлiмшесінiң меңгерушiсi Ерденова Х.З., сәулелi диагностика кабинетiнiң меңгерушiсi Бекежанов Б.Х., бас медициналық бике Полицына Н.В. жұмыс iстейдi.

Өткен жылдар iшiнде Кәсiпорынның корпустарында күрделi және ағымды жөндеу жұмыстары өткiзiлдi, емделушiлерге емделу мерзiмiнде жатуға лайықты жағдайлар жасалған; қазiргi заманғы диагностикалық жабдықтары сатып алынды және қолданылады, емдеуде қазiргi заманғы емдiк препараттар қолданылады.

Кәсiпорынның қызметкерлерiне лайықты жұмыс жағдайлары жасалған.

Жыл сайын 100% Кәсiпорынның қаржылық жоспары iске асады, медициналық жабдықпен жабдықталу пайызы жоғарылайды, көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасы жоғарылайды.

Корпоративтік құжаттар

Ұйым жарғысы;

2017-2021 жылдарға стратегиялық жоспар

Ұйымның қызметі туралы жылдық есеп

Аурухананың стратегиялық жоспары

Медициналық қолдануға арналған өмір үшін қажетті және маңызды дәрі-дәрмектердің тізімі туралы ақпарат;

Даму стратегиясы;

Даму жоспары;

Басқарманың (әкімшіліктің) даму жоспарының орындалуы туралы есептемелері (жылдық, жарты жылдық);

Есеп саясаты;

Жылдық қаржылық есеп беру;

Іскерлік әдеп кодексі;

Коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауды қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;

Кадрлар саясаты;

Ақпараттық саясат туралы ереже;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

2015 жылғы СҚО әкімдігінің ДСБ КММ Бірінші қалалық аурухана ШЖҚ КМК-нің қаржылық есептілігі

Послание президента РКАкордаПремьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы