DariKZ мобильді қосымшасы
Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.
Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі.
Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет.
Мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.
10.07.2023
Қараулар: 624