Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін, алаяқтар өздерін байыту үшін қолданатын алдау схемалары туралы білуіңіз керек. Мұндай қылмыстармен күресудің және алдын-алудың негізгі әдісі азаматтарды алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы хабардар ету болып табылады.
Бүгін «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен алаяқтық, киберқауіпсіздік мәселелері бойынша СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен полицияның аға жедел уәкіл капитаны М.Балацкая, СҚО ӘД Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы М.А.Томас, СҚО бойынша ЭТД тергеушісі О.Ю.Синякина егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушыларға азаматтардың ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында шабуылдаушылардың ең көп таралған тәсілдері туралы айтылды. Алдаудың құрбаны болмауға және алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауға арналған қарапайым және тиімді кеңестер берілді.
Әңгіме соңында іс-шараның барлық қатысушыларына қашықтық қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы дайындалған жадынамалар табыс етілді.





