«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ
«Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК
Ресми сайт
Қабылдау бөлімі 8 (7152) 50 15 46
Ауруларды қабылдау бөлімесі 8 (7152) 50 15 63
Сенім телефоны 8 (7152) 50 03 60
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz
gb1.sko.kz

2023 жылғы 14-15 ақпанда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-да медицина қызметкерлері кәсіподағының өкілдерімен, салық органдарымен қызметкерлердің кездесулері өткізілді

1. Кездесулер барысында біздің мекемеде комплаенс-қызмет не үшін құрылғаны түсіндірілді, сондай-ақ пациенттерге де, қызметкерлерге де комплаенс-қызметке қалай жүгінуге болатындығы туралы хабардар етілді.

«Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық» деген не және «сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер» деген не екені түсіндірілді, осы ұғымдардың айырмашылығы анықталды, басқалармен қатар, сыйлық беру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататыны атап өтілді.

Сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлеріне директордың бұйрығымен бекітілген мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі нұсқаулығы бойынша түсініктемелер берілді.

Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдерді немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кездегі мінез-құлық тәртібі түсіндірілді.

2. Кездесуде мемлекеттік тілді дамыту мен практикалық қолдануды ынталандыру қажеттілігі туралы мәселе қозғалды.

Қызметкерлер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда және қолданыстағы заңнаманың басқа да нормаларында көзделген тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге және азаматтардың құқықтарына тілдік белгі бойынша қысым жасауға жол бермеу туралы хабардар.

3. Салық органының өкілдері 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтырудың 2 кезеңінің басталуы туралы түсініктеме берді.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ өкілдері 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «AQNIET» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы салалық келісімге жаңа өзгерістер енгізілгенін түсіндірді.

Главный специалист отдела непроизводственных платежей управления государственных доходов по г.Петропавловск Муратов Жанат Хайыргельдыевич

Юрист Темирбаева Д.Д.

Председатель ФРОО "Отраслевой профсоюз работников системы здравоохранения "SENIM" по СКО Султанов С.Х.

 

17.02.2023

Қараулар: 735

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы